Хамитовтың титулды жекпе-жегі Нурмагомедов қатысатын турнирге ауыстырылады
Хамитовтың титулды жекпе-жегі Нурмагомедов қатысатын турнирге ауыстырылады
120
оқылды

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитовтың жеңілмеген тәжікстандық Нурулло Алиевпен титулды жекпе-жегі Краснодардағы турнирден алынып тасталды. Бұл туралы Gorilla Fighting Championship ұйымдастырушылары хабарлады, – деп жазады Vesti.kz.

«Қуат Хамитов – Нурулло Алиев жекпе-жегі Краснодардағы турнирден алынып, Алматыдағы турнирге қосу қарастырылып жатыр», – деп жазылған GFC ұйымының Instagram желісінде. Файтерлер жеңіл салмақта GFC чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Алматыдағы аралас жекпе-жек кеші 25 желтоқсанға белгіленген. Турнирге құрметті қонақ ретінде ресейлік белгілі файтер, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов шақырылды.