Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесті
Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесті

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт науқаны аясында Қарағанды облысындағы кеншілермен, медицина және білім беру салаларының өкілдерімен кездесті.

Партия бағдарламасының басымдықтары туралы Костенко атындағы шахта алдындағы кездесуде айтылды. Кездесуде ең алдымен, еңбек жағдайлары, оның қауіпсіздігін арттыру және өндірістік жарақаттануды азайту туралы әңгіме болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл мәселелер әрқашанда «Nur Otan» партиясының бақылауында. – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы еңбектің қадірін білетін кеншілер мен металлургтерге әрдайым назар аударып келеді. Біздің партиямыз жоғарыда аталған мәселелерді шешуге, сонымен бірге заңнамалық деңгейде реттеуді қолға алатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жұмыспен қамту саясатын іске асыру шеңберінде партия лайықты жалақы мен халықтың табысын арттыруды басым бағыт ретінде қарастырады, – деді Нұрлан Нығматулин. Қазіргі уақытта еңбеккерлердің қорғалуы мәселелері Еңбек кодексінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасының құқықтық нормаларымен, авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды енгізумен бекітілген. Әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, өндірісті жаңғырту туралы әңгіме Костенко кенішінде жалғасты. Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында «Nur Otan» партиясы 103 млн.шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға басымдық қарастырылады. Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн.теңгеден астам қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, «Nur Otan» әр өңір үшін инвестиция тартудың, өңірдің салалық мамандануын ескере отырып, жобаларды іске асырудың индикаторларын белгілеуге ниетті. Бұдан басқа, Қазақстанда өз кірістерін сақтау және қайта инвестициялау үшін инвесторларды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар облыстық кардиохирургия орталығында және Қарағанды қаласының №103 мектеп-лицейіндегі кездесулерде Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған және бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жаңғырту аясында «Nur Otan» партиясы қазақстандықтардың сапалы білім мен медициналық қызметтер алуы үшін мүмкіндіктер жасауды басты міндеттердің бірі деп есептейді. Барлық заманауи талаптарға облыстық кардиохирургиялық орталық жауап береді. Оның операциялық-реанимациялық блогы инновациялық құралдармен, онда қызмет ететін мамандардың барлығы жоғары білікті, бұл жерде жүрекке күрделі операциялар жасалады. Осындай жаңа медициналық орталықтар әр өңірде болуы үшін партия аудандық ауруханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, зертханаларды жаңарту бойынша шаралар қабылдайды. Білім беруді дамыту үшін «Nur Otan» 800 жаңа мектеп салу есебінен сапасыз оқулықтар, апатты және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешуге, барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды қамтамасыз етуге ниетті. Нұрлан Нығматулин 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге, ал дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай 2,5 есе артатынын айтты.        Мұғалімдердің айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» заңның ұстаздар үшін маңызы өте зор, аталған заң олардың құқықтарын реттеп, білім беру сапасына, мұғалімнің мәртебесін күшейтуге ықпал етеді. – «Nur Otan» партиясының сайлау бағдарламасы, ол – нақты жоспары бар және тиісті қаржымен қамтамасыз етілген бағдарлама. Соның ішінде баспана, өндірісті дамыту, әлеуметтік сала, шағын, орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл әрбір қазақстандық үшін өте маңызды мәселе. Осы сұрақтар туралы бүгін кеншілермен, дәрігерлермен және мұғалімдермен кездесуде ашық әңгіме болды. «Nur Otan» партиясының сайлау бағдарламасының дәл осы бағыттарына Қарағанды облысының тұрғындары қолдау көрсетті, – деді Нұрлан Нығматулин.