Желі қолданушылары бір-біріне тауық етін сатып алмауға кеңес беріп жатыр
Желі қолданушылары бір-біріне тауық етін сатып алмауға кеңес беріп жатыр
131
оқылды
Желі қолданушылары бір-біріне тауық етін сатып алмауға кеңес береді. Олардың пайымынша, «тауықтарға вирус егілген». Сатып алынған құстан «пластик түтіктер» табылғаннан кейін осындай болжам жасалып отыр, - деп хабарлады stopfake.kz.  width= Хабарламаға «түтіктер» көрініп тұрған тауықтың бір бөлігінің фотосуреті тіркелген. Бұл – ірі қауырсын сабағы. Олар арқылы тауыққа белгілі бір затты «егу» мүмкін емес. Сонымен қатар бұл фотоның желіде бір жылдан бері жүргенін айта кеткен жөн. Алдымен түсініксіз «түтіктер» туралы Украина тұрғыны пост жазды. Оның болжамдары COVID-19-ға қатысты болған жоқ. Оның пайымдауынша, құстың салмағын арттыру үшін су құйған. Сөйтіп бұл түтікшелер қауырсынның сабағы болып шықты. Ал вирусты құстарға «егу» жөніндегі болжам сын көтермейді.