Маңғыстауда өңдеу өнеркәсібіне Nur Otan ерекше назар аударады

Маңғыстауда өңдеу өнеркәсібіне Nur Otan ерекше назар аударады

Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді COVID-19 вирусына байланысты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлі кезеңде Елбасының бастамасымен өткен Biz Birgemiz акциясы аясында Маңғыстау ауданы бойынша Nur Otan партиясының мүшелері мен еріктілер 400-астам отбасыға азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 918 мұқтаж адам 50 мың теңгеден алды.

Nur Otan партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар. Бұдан басқа да біршама жұмыстар легі 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясының Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында өткен басқосуда айтылды. Облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов «Казтрансгазаймақ» ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сұрақ-жауап алмасты. «Казтрансгазаймақ» қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатынын жеткізді.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.