Димаш жанкүйерінің көңілін қалдырмады

Димаш жанкүйерінің көңілін қалдырмады

Димаш Құдайберген Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэтпен ән шырқады.

Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған «Ұмытылмас күн» әніне, әуенді осыдан бірнеше жыл бұрын жас әншінің өзі жазған. Міне, осы шығарманы Индонезиялық арумен Санкт-Петербургте өткен концертте орындады.

Айта кетейік, оның алдында Димаш әлеуметтік желілерде осы әнді қыздың орындауында жариялаған болатын.
 


https://youtu.be/z5Lhp0KqGHo

«Димашты алғаш рет 2017 жылы Adagio әнін орындағанын көрдім. Міне, содан бері оның жанкүйерімін. Ол мені шабыттандырады. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінімді жаздым. Сол кезде онымен бірге ән айтуға ұсыныс алдым. Шыны керек, біз бірге дайындалғанымыз да жоқ. Орындайтын әнімізді бір-екі күн бұрын ғана таңдадық. Бұл өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Сондықтан қатты қобалжулымын. Десе де, кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой сенімділік берді», – дейді Римар. 

Дуэттің тамаша болғаны соншалық, залдағы көрермендерде олармен қосылып шырқады.