Ірі жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
Ірі жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
104
оқылды
Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 10 адам қаза тауып, тағы 52-сі жарақат алды, - деп хабарлады  TOLOnews агенттігі. Жарылыс Кабулдағы алаңда болған. Алдын ала болжамға қарағанда, террористер автокөлікпен келе жатқан парламент мүшесін өлтірмекші болған.

Қатты жарылыс әсерінен сол маңдағы автокөліктер мен үйлер қираған. Әзірге аталған өңірдегі лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы бұл жарылысты мойнына алған жоқ.