Жанкүйер қызына матчта сөз салды
Жанкүйер қызына матчта сөз салды

28 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен Еуропа лигасының «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» матчында жанкүйер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған.

Бұл жайында Астана клубының Facebook-тегі парақшасында видеосы жарияланған.

Қарсылас команданың жанкүйері болған жігіт мінбеге  шығып, сүйіктісіннің алдына тізе бүгіп, әйелі болуына сөз айтқан. Қыз болса, жігіттің ұсынысына келісімін берген.

Естеріңізге салсақ, L тобының бесінші тобында «Астана» «Манчестер Юнайтедті» 2: 1 есебімен жеңді.