Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында «Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлан Бисембаев, Индира Әбдібекова, Нысанбаев Бақытжан, Алпысбай Серкешбаев және аудандық штаб мүшесі Гүлжауһар Раева білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде білім, денсаулық, мәдениет, жастар тәрбиесі тақырыптары сөз болды. №121 орта мектептің кітапханашысы Гаухар Жүсіпова білім саласының жетістіктерін сөз етіп, саланы дамытудағы партияның алдағы жоспарын сұрады.
– «Nur Otan» партиясы сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 8 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, 1 ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пункттерді ашу және оларды арнайы мамандармен қамтамасыз етуді көздейді. Әсіресе, көп балалы отбасылардың балаларын оқытуға жағдай жасалып, керек жабдықтармен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сонымен қоса білім беру саласында 2025 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 10-нан 29-ға дейін, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін арттыратын боламыз, – деді бағдарламаға тоқталған үміткер Индира Әбдібекова.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.