Альварес әлем чемпионы атағынан бас тартты
Альварес әлем чемпионы атағынан бас тартты
226
оқылды

Жақын арада бұл атаққа Геннадий Головкин де таласа алмайды.

Өйткені «Канело» басқа дивизиондағы белбеуін тастауға шешім қабылдады. Альварес WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы болды. Енді бұл атаққа тағы да үміткерлер бар - WBA алтын чемпионы Леннокс Аллен және WBA «уақытша» чемпионы Джон Райдер.  

Канело - дәл қазіргі сәтте екі салмақ дәрежесі (орта және жартылай ауыр) бойынша әлем чемпионы. Оның алдағы жоспары туралы ештеңе белгісіз. 

Айта кетейік, негізі «Канело» төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды: бірінші орта, орта, супер орта және жеңіл. Ал оның соңғы жеңісі WBO жартылай ауыр салмақ белбеуі еді. Ол бұрынғы чемпион Сергей Ковалевті нокаутқа жіберген болатын.