Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Бес жылда 643 оқулық оқу процесіне енген

Бағлан Бекназар
Желтоқсан 21, 2020
Қазақстан, Жаңалықтар
оқу

©Фото: интернеттен алынды

54
қаралым

Бұл туралы «Оқулық» РҒПО мен С.Демирель атындағы университет бірлесіп өткізген «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» атты республикалық ғылыми конференцияда «Оқулық» орталығы директоры Ғ.Бейсембаев мәлімдеді.

«Тарих үшін үш бес жылдық аса көп уақыт болмағанымен, осы мерзім ішінде Орталық маңызы мен жауапкершілігі жоғары еңбек жолын еңсерді. «Оқулық» орталығы білімнің мазмұнын бағалау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білімнің сапасын қамтамасыз ету міндетін орындап келеді, бұл әрине, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесіне оң ықпалын тигізді», – деді Ғ.Бейсембаев.

Қарапайым ғана мысал, жаңартылған мазмұндағы 1-11 сынып оқулықтары кезең-кезеңімен 2016-2020 жылдары оқу процесіне енгізілді.

«Аталған кезеңдерде «Оқулық» орталығы арқылы орта білім бойынша 5053 аталым оқулық пен оқу-әдістемелік кешен сараптамадан өтіп, оның 40%-ға жуығы білім беру ұйымдарына ұсынылды. Соның ішінде 643 оқулық оқу процесіне енді. Осы орайда авторлар мен баспалардың, сыртқы сарапшылардың да ерен еңбегіне алғыс айта отырып, ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн», – деді Ғ.Бейсембаев.

Аталмыш шара орталықтың 15 жылдық мерейтойына орайластырылған. Іс-шараның басты мақсаты заманауи оқулықтардағы білім беру құндылықтарына, оқу әдебиеттерінің тіліне, мәтіндік және мәтіннен тыс аппаратына қойылатын талаптар бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Жұртқа керек жоба жабылудың алдында тұр

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы түрік тілінде жарық көрді

Дәурен Абаев «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы 4 кемшілікті атады

Конференция барысында қатысушылар оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты, оқулық мәтінінің танымдық және тәрбиелік мәні, оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар, электрондық оқу басылымдары және білім берудің аксиологиялық қызметі мен оқулықтың мәтіннен тыс аппаратының рөлі және оған қойылатын талаптарды талқыға салды.

Жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының, жоғары, техникалық және кәсіби, орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру ұйымдарының қызметкерлері, білім беру ресурстарын әзірлеуші баспа мен ғылыми ұйым өкілдері, оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары қатысты.

 
Тегтер: 643Ғ.Бейсембаевоқулық
Алдыңғы жаңалық

Үйленгеніне екі күн ғана болған жігіт әпкесімен бірге жол апатынан көз жұмды

Келесі жаңалық

Рудныйда өртенген пәтерден екі адамның денесі табылды

Ұқсас жаңалықтар

2020
COVID-19

Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?

Наурыз 1, 2021
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады
Жаңалықтар

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 2021
123 Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 2021
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?

Наурыз 1, 18:40

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 17:56

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 17:38

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 1, 17:09

Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

Наурыз 1, 16:54

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Наурыз 1, 16:37

6 жасар қыз апаттың алдын алды

Наурыз 1, 16:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

2020

Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?

Наурыз 1, 2021
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»