Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Болашаққа нық қадам

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Қараша 30, 2019
735
қаралым

Ертең Түркістан облысының қоғамдық дамыту орталығында Тұңғыш Президенті күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігі және «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығы DIALOG. SENIM. BOLASHAQQA NYQ QADAM атты жастар форумы өтеді.

Бұл жастар мен студенттердің жыл сайын бас қосып, қала жастарының белсенділігін арттыру және шаһардың өсіп-өркендеуін   талқылайтын форумына айналады. Ол жастардың – бизнес, өнер және технология саласында өздерін толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасатын алаңы. Оған қоса, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланың дамып, көркеюіне жастардың қосар үлесін арттыру және олардың тың идеяларын іске асыру, қолдау көрсету, белсенді орта тәрбиелеу мәселелері бойынша сөз қозғайды. 

Жылсайын өтетін форум DIALOG. SENIM. BOLASHAQQA NYQ QADAM – озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын ашық алаңға айналды. 

Басты мақсат – сырт қалалардан және жергілікті жастар ұйымдары, қауымдастықтар, жеке кәсіпкерлердің басын қосып, олармен    тәжірибе бөлісіп, жастардың тың идеяларына ұйытқы, белсенді істеріне бас болу.

Биылғы форумда көтеретін сұрақтар: Медиакеңістікті пайдалана отырып бизнесті қалай жүргізуге болады? Сүйікті ісің арқылы пайда таба аласыз ба?   Бизнесті қалай бастаймын? Франшиза дегеніміз не? Бизнеске салатын қаржыны қалай табуға болады? Краудфандинг арқылы 15 000 доллар жинау мүмкін бе? Тағы басқа толғанған түйінді мәселе осы жерде шешімін табады.

Өздерінің жетістікке жету жолындағы тәжірбиесімен бес кәсіпкер бөліседі. Олардың арасында белгілі блогерлер командасы TJokers – Жансерик Кадырбаев @kadyrbayev, StudyON лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы – Шахноза Нышанқұлова бар. Ол   әлемдік супер-жұлдыз Lady Gagaмен бірге жұмыс істегенін, Канададағы стартапы жайында және Шымкент қаласында іске асырып жатқан жобаларымен таныстырады. Мұнан өзге, жас режиссер және жазушы, комикс салушы Айдие Айдарбеков қатысады. Оның жасаған жобасы тіпті Amazon медиамагнаттары мен продюсерлерінің қызығушылығын тудырған, тіпті ол голливудтық супер-жұлдыздар Джонни Депп және Джеймс Франкомен бірге жұмыс істеген. Краудфандинг бойынша жобасына 15 000 долларға   жуық қаржы жинаған Айдиемен кездесуге болады. 

Онда жас кәсіпкерлер Қазақстанда қалай бизнес ашуға болатынын яғни, бизнес жоспарды қалай құрамыз, инвесторларды қайдан іздейміз, тәуекелге бару және алған мақсатыңнан қайтпау жөнінде сөз қозғалады. 

Тегтер: ақшаАсхат СадырбайбизнесжастаркәчіпкерқаражатнұротанТүркістанТұңғыш Президент күні
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда

«Жеңісті күндерде жүздескенше» – Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Экология министрі Президентке жаңа Су кодексі туралы айтты

Әскери борышын өтеген университет түлегі гранттың 3 жылдық өтеуінен босатылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»