Ауыл тұрғындары банктен несие ала алмайтынына шағымданды  

Ауыл тұрғындары банктен несие ала алмайтынына шағымданды  

ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер халықпен кездесу өткізіп жатыр. Кездесу барысында тұрғындар  өзекті мәселелерді айтып, ұсынысын жеткізді.  

Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова, Игорь Шацкий Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қ.Қайсенов ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар партия бағдарламасындағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мен бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарды тыңдады.

– Біздің жастарға жұмыс табу қиын. Барлық жұмыс беруші  жұмыс тәжірибесін талап етеді. Ал егер жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілмесе, не істейді? Партия колледждер мен жоғары оқу орындарында өз идеясын іске асыратын болса, онда бұл жастарға үлкен көмек болар еді, – деді тұрғындардың бірі.

Басқа тұрғындар несиені төлей алмауына байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтты. «Біз өзіміздің ЖШС-мен несие алдық. Белгілі бір уақытта серіктестіктің бірнеше мүшесі ЖШС-дан шығып, бізге несие ауыртпалығы түсті. Біз үлкен соманы уақытында төлей алмадық. Бұл үлкен мәселе болды", – деп бөлісті кәсіпкерлердің бірі. Олжас Ордабаев «Партия мемлекетке проблемалық несиелерге рақымшылық жасау тетіктерін іске асыруы керек» деп хабарлады. Сондай-ақ адамдар банктерден несие ала алмайтынына шағымданды, өйткені ауылдағы жылжымайтын мүлікті банк кепілге алмайды.

«Біз мал өсіргіміз келеді, бірақ банктер біздің мүлкімізді кепілге алмайды», – деп шағымданды тұрғын.

 
Мәжіліс депутаттығына үміткер Ләззат Шыңғысбаева Көксу өңірінің Балпық би ауылының тұрғындарымен кездесті.  Мұнда да тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерді айтты.

«Біз «Бизнес Бастау» бағдарламасын қолдандық, бірақ бұл ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін жеткіліксіз. Бағдарламалардың тізімін кеңейту керек, сонда біз екінші рет мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдалана аламыз», – дейді ауыл кәсіпкері.

Тұрғындар коммуналдық қызмет пен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне де тоқталды.