Тұңғыш Президент күніне орай марапаттаулар басталды
Тұңғыш Президент күніне орай марапаттаулар басталды
139
оқылды

Алматы облысында Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтіп, сала үздіктері марапаталды.

Сонымен қатар бірнеше адам Nur Otan партиясының қатарына қабылданды. Алқалы басқосуда ел дамуы сөз болып, жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланды. Биыл саяси ұйымның қатысуымен 6 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. 400-ден астам мекемеге пандус орнатылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін кіруіне жағдай жасалды. Өңірдегі  құрылыс нысандары да партия өкілдерінің жіті бақылауында. Соның нәтижесінде ғимараттар бекітілген мерзімінде пайдалануға беріліп келеді. Ұйым сыбайлас жемқорлықпен де күресуді назардан тыс қалдырған емес. Осы жылы 14 адамды партия мүшелігінен шығарып,  24-ін  тәртіптік жазаға тартқан. «Бақытты отбасы» жобасы аясында да ауқымды жұмыс істелді.

- «Бақытты отбасы» жобасы аясында біздің облыстық мәслихаттың депутаттары Талғар, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандарында көп балалы отбасыларына 150-ден аса тұрғын үй алып сауапты іспен көрінді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында әр түрлі себеппен кеңес одағының батыры атағын ала алмаған облыста 24 майдангер анықталды. Солардың Ақсу және Талдықорғандағы немерелерімен байланыс орнатылды» дейді Nur Otan партиясы АОФ төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева.