Ольга Шишигина құнды заттарын музейге тапсырады
Ольга Шишигина құнды заттарын музейге тапсырады
96
оқылды

22 желтоқсанда Ұлттық музейде «Ұлттық музейге сый тарту» жобасы аясында Ольга Шишигинаның жеке құнды заттары музей қорына салтанатты түрде табысталу рәсімі өтеді.

Айтулы шараның мақсаты – Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғаларға тиесілі бірегей мәдени құндылықтар мен тарихи заттарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа насихаттау. Атап айтқанда, Ұлттық музей қоры 2000 жылы Сидней қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты заттар, әртүрлі халықаралық спорттық сайыстардағы наградалар, естелік үстел медальдары, жалаушалар, атлетшінің рұқсатнама қағаздарымен толығады. Аталған құнды заттар Қазақстан Ұлттық музейінің «Асыл мұра» залында экспозицияланады. Іс-шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысады.

Айбике ЖАНАСЫЛ