Токиода еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды
Токиода еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай 28 шақырымдық шеру өтті.

Айта кету керек, жаяу шеру Токиода екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің қызметкерлері Йокогамадан Токиоға дейінгі 27 шақырымдық шеру жасаған.

Елшіліктің сайтында жарияланғандай, қатысушылар Ханэда халықаралық әуежайы маңындағы Хонханэда саябағынан басталған. Содан Токионың  Фучу аймағында 5.30-да бітті. Жол Тама өзенінің жағасымен өтті. Ол жерден жапондар үшін қасиетті Фуджи тауын көруге болады. Сондықтан бұл жер жапондықтардың серуендейтін, жүгіретін және велосипедпен жүретін сүйікті орны.