Маңғыстауда құдыққа құлап кеткен екі бала қайтыс болды
Маңғыстауда құдыққа құлап кеткен екі бала қайтыс болды

Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Бір үйде тұратын 6 және 11 жастағы балалар қайтыс болды. Қайғылы жағдай сағат 15:30-дар шамасында болған.

«Құдықтың тереңдігі – 2 метр, ішіндегі судың тереңдігі ­– 1,8 метр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр» делінген ресми хабарламада.