Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде – 23-28 м/с. Кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман сақталады. Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, боран соғады. Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау, Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.Қостанай облысында боран соғады.