Наполеонның етігі 50 миллион теңгеге сатылды
Наполеонның етігі 50 миллион теңгеге сатылды
162
оқылды

Париждегі аукционда Наполеон Бонапартқа тиесілі етік 117 мың еуроға сатылды. Ол шамамен 50 миллион теңгені құрайды. Бұл жайында Drou аукцион үйі Twitter парақшасында жазған.


Француз тарихшыларының айтуынша, Наполеон 40-өлшемді қара етік киген. Оның ұзындығы -  48 см.  Ол бұл етікті әулие Елена аралына жер аударғанда киіген екен. Наполеон сол жерде 1821 жылы қайтыс болған.

Оның бұл аяқкиімін Францияға алып келген адъютанты Анри Бертранд еді. Генерал әрі граф сол кезде Бонапарттың қасында  еріп жүргеннің бірі болған. Кейін императордың мүсінін жасау тапсырылғанда ол сол етікті итальяндық мүсінші Карло Марокеттиге уақытша берген.

Етікте париждік аяқкиім тігетін Жактың брендін білдіретін белгі бар. Наполеон көбіне етікті соған тапсырыс беріп тіктірткен екен. Сондықтан да оның аяқкиімі өте сапалы былғарыдан жасалған.