Такси жүргізушісін ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды
Такси жүргізушісін ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды
118
оқылды

Таразда 25 жастағы такси жүргізушісі өлімнен аман қалды.

Діттеген жеріне жетіп алған екі қаскөй аяусыз тепкілеп, қалтасындағы бар ақшасын тартып алған. Күдіктілер орталықтан қала шетіндегі «Қант зауыты» ауданына жету үшін такси тоқтатқан. Видеода жәбірленушінің де қаскөйлерге қарсыласқаны көрінеді. Ол ақыры әлі жетпесін білген соң қаша жөнелген. Полицияға хабар берген.

Көп ұзамай 32 және 29 жастағы екі тұрғын ұсталды. Біреуі бұған дейін де бірнеше рет істі болған. Енді екеуі де 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.