Педофил үшін басшылық жазаланды
Педофил үшін басшылық жазаланды
208
оқылды

Қазан айында Сәтпаев қаласында 5 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен 62 жастағы азамат Қарағанды қаласындағы тергеу изоляторына қамалған болатын.  Қазан айында күдікті камерада өзіне қол салып, көз жұмды. Суицидке жол бергені үшін Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы жазаланды.

Сәтпаев қаласында бес жасар қызды ұрлап, есірткі құйылған инъекция егіп, зорлады деген айыппен  ер адам Қарағандыда тергеу изоляторына қамалған болатын. Күдікті СИ-16 жазасын өтеу мекемесі жанындағы тергеу изоляторына жабылды. Кейін ол камерада өлі күйінде табылған. СИ-16 мен ҚАЖД басшылығы камерада болған кезінде күдіктіні тиісінше бақыламағаны үшін сөгіс алды. «Сараптама суицид фактісі болғанын растады. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі. «Қызметтік тексеріс қорытын­дысы бойынша департамент пен тергеу изоляторының қызмет­керлері тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылды» дейді құзырлы орган. Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға болған күні Сәтпаев қаласының тұрғын­дары бас көтеріп, халық кінәліні жазалауды талап еткен болатын. Бала жоғалған үйдің алдына тұрғындар жиналып, полиция бөлімі маңындағы көліктерді қиратты. Сол күні бұзақылық жасаған 15 азамат ұсталды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТ,  Қарағанды облысы