1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекелік отшашуды тамашалаңыз
1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекелік отшашуды тамашалаңыз
131
оқылды

«Елорда инфоның» хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасына күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары отшашуды Есілдің жағалауында (Сарыарқа ауданында Орталық саябақта), Хан Шатыр ойын-сауық орталығы маңында (Есіл ауданы), сонымен қатар Абылай хан және Пушкин көшелері қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысатын тұсында) тамашалауға болады. Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.