Алматыда жезөкшелердің қулығы әшкере болды
Алматыда жезөкшелердің қулығы әшкере болды

Бұл туралы polisia.kz жазды.

Алматылық полицейлер жезөкшелердің «жұмыс орнын» анықтады.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров: «Жезөкшелер үйі Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан. Олар тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Әйелдер «жұмысын» «сауықтыру массажы» деген атпен хабарландыру беріп, жарнамалаған. Кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталды. Үшеуі Өзбекстаннан келген. Қалғаны Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. Олардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді, – деді.

[caption id="attachment_96941" align="aligncenter" width="1280"] width= Фото: Дереккөзден алынды[/caption]

Полицейлер жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды жалға берген ғимарат иесін де жауапқа тартты.