Қонақүйдегі кішкентай қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Қонақүйдегі кішкентай қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты
115
оқылды

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот процесі онлайн форматта өтті.

Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатымен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom арқылы сот отырысына қатысты.

Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, былтыр Алматыдағы InterContinental қонақүйінде  бір жарым жасар қыз ауыр соққыдан қайтыс болған еді.