«Алтын самғау – 2019»: Элизабет Тұрсынбаева, Әмин Тұяқов, Әбілмансұр Батырғалиевтер ұлттық спорттық жүлде иегері атанды
«Алтын самғау –  2019»: Элизабет Тұрсынбаева, Әмин Тұяқов, Әбілмансұр Батырғалиевтер ұлттық спорттық жүлде иегері атанды

Нұр-Сұлтанда «Алтын самғау — 2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары анықталды.

Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған «Алтын самғау – 2019» спорттық жүлдесін табыстау салтанатына республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар қатысты.

Үздік спорт командасы – Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;

Үздік жас спортшы – Әбілмансұр Батырғалиев (каратэ);

Ғылыми кешенді топтың үздік маманы – Ирек Сатов (бокстан ұлттық құраманың дәрігері);

Үздік пара спортшы – Нұрлан Домбай (паратаэквандо);

Үздік пара спорт жаттықтырушы – Жандос Қиянов (парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);

Үздік спорт қауымдастығы – Шайбалы хоккей қауымдастығы;

Үздік спорттық өңір – Қызылорда облысы;

Қазақстан спортының майталманы – Әмин Тұяқов (жеңіл атлетика);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Әсет Серікбаев (еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Елена Круглыхина (фристайл);

Жыл жаңалығы – Әлішер Ерғали (еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Элизавет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Бекзат Нұрдәулет (бокс).

Салтанатты кеште көрермен арасында 2020 жылғы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға екі билет ұтыс ойыны ойнатылды.