Нұр-Сұлтанда «Алтын самғау — 2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары анықталды.
Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған «Алтын самғау – 2019» спорттық жүлдесін табыстау салтанатына республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар қатысты.
Үздік спорт командасы – Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;
Үздік жас спортшы – Әбілмансұр Батырғалиев (каратэ);
Ғылыми кешенді топтың үздік маманы – Ирек Сатов (бокстан ұлттық құраманың дәрігері);
Үздік пара спортшы – Нұрлан Домбай (паратаэквандо);
Үздік пара спорт жаттықтырушы – Жандос Қиянов (парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);
Үздік спорт қауымдастығы – Шайбалы хоккей қауымдастығы;
Үздік спорттық өңір – Қызылорда облысы;
Қазақстан спортының майталманы – Әмин Тұяқов (жеңіл атлетика);
Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Әсет Серікбаев (еркін күрес);
Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы – Елена Круглыхина (фристайл);
Жыл жаңалығы – Әлішер Ерғали (еркін күрес);
Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Элизавет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау);
Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы – Бекзат Нұрдәулет (бокс).
Салтанатты кеште көрермен арасында 2020 жылғы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға екі билет ұтыс ойыны ойнатылды.