Сырғанақта ауыр жарақат алған әйел ауруханада ес-түссіз жатыр
Сырғанақта ауыр жарақат алған әйел ауруханада ес-түссіз жатыр
129
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтып отыр. 37 жастағы әйел сырғанақта қауіпсіздік ережесін сақтамаған көрінеді.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева: «Әйел ауыр жарақатпен комаға түсті. Қазір көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер екі ота жасады. Жағдайы ауыр. Жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдан келгенін істеді. Бассүйегі жарақаттанған», – ­ дейді.

Келіншек кәсіби спортшылар жаттығатын жерде мертіккен.

Олимпиада резервін дайындау орталығының жетекшісі Ольга Надобенко: «Бізде бірнеше сырғанақ болса да, оның біреуінде ғана шанамен сырғанауға болады. Бұл сырғанақтың ережесінде жазылған. Бірақ адамдар оған мән бермейді. Бұл әйел шаңғышылардың жолағында сырғанаған», – деді.

Оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды.

  https://youtu.be/N4JAe-w8WdU