Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтып отыр. 37 жастағы әйел сырғанақта қауіпсіздік ережесін сақтамаған көрінеді.Келіншек кәсіби спортшылар жаттығатын жерде мертіккен.Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева: «Әйел ауыр жарақатпен комаға түсті. Қазір көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер екі ота жасады. Жағдайы ауыр. Жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдан келгенін істеді. Бассүйегі жарақаттанған», – дейді.
Олимпиада резервін дайындау орталығының жетекшісі Ольга Надобенко: «Бізде бірнеше сырғанақ болса да, оның біреуінде ғана шанамен сырғанауға болады. Бұл сырғанақтың ережесінде жазылған. Бірақ адамдар оған мән бермейді. Бұл әйел шаңғышылардың жолағында сырғанаған», – деді.
Оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды.
https://youtu.be/N4JAe-w8WdU