Алматы: 100 Нұрсұлтан 100 баланы құттықтады
Алматы: 100 Нұрсұлтан 100 баланы құттықтады
5,135
оқылды

Тұңғыш Президенті күніне орай Nur Otan партиясы қатарындағы Нұрсұлтандардың ұсынысымен партияның Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан есімді 100 азамат арнайы автобуспен «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасына барып, емделіп жатқан 100 баланы мерекемен құттықтады. Оларға бағалы сыйлықтар сыйлады. Ауруханада ауыр дертке шалдыққан балалар емделеді. Ұйымдастырушылар балалардың тілегі алдын ала жинап алған» делінген әкімдіктің ресми жазбасында.


Нур Отан3.jpg

Ұйымдастырушылар Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында қайырымдылық челленджін бастап, қазақстандықтарға осы іс-шараны қолдап, науқас балаларға көмек көрсетуге үндеді.


Нур Отан 2.jpg

Ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсету үшін осы акцияға қатысуға болады. Акция туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан толық мәліметті білуге болады.