22 желтоқсан сағат 20: 00-де Нұр-Сұлтанда барлық жаңа жылдық шыршалар жағылады. Карантинге байланысты азаматтар іс-шараларға жаппай қатыспағаны, санитарлық нормаларды қатаң сақтағаны дұрыс, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады. Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.