Nur Otan партиясының Павлодар қалалық сайлау штабы өз жұмысын бастады.
– Штаб құрамына 15 адам кірді. Олар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнеспен айналысатын біздің қаламыздың тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие азаматтар. Арасында мәслихат депутаттығына екі үміткер де бар, – деп хабарлады аумақтық сайлау штабының жетекшісі Маликова Айгүл Қайыртасқызы. – Республикалық сайлау штабымен келісе отырып, желілік кестені қабылдадық және бекіттік. 150 мыңнан астам адамды қамти отырып, 60-тан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты 50 кездесу онлайн форматта өтеді. Аумақтық сайлау комиссиясында барлығы 35 кандидат тіркелген. Оның жетеуі – партия филиалының квотасы бойынша тіркелгендер, қалғандары – праймериздердің жеңімпаздары. Арасында өзін-өзі ұсынушылар көп. Олар әртүрлі жастағы, әртүрлі кәсіптегі адамдар. Олардың барлығы өз тәжірибелері мен өмірге деген көзқарастарына байланысты жан-жақты мәселелерді көтереді. Қалалық сайлау бағдарламасы да жеке әзірленді. Онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған жеті даму басымдықтарын қамтиды. – Бағдарламаның міндеттері біздің қала тұрғындарының негізгі сұраныстарын көрсетеді, қоғамның өзекті мәселелерін талқылау мен шешуден тұрады, – деп атап өтті Айгүл Маликова. Nur Otan партиясының кандидаттары ресми түрде қалалық сайлау штабы ашылғаннан соң халықпен алғашқы кездесулерін өткізді. Усолка шағын ауданының тұрғындарымен онлайн-кездесу барысында білім беру сапасын жақсарту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және зауыт жұмысшыларының еңбек жағдайлары туралы айтылды. Кандидаттардың әрқайсысы өзіне жақсы таныс, жан-жақты талдай алатын саланы, өзіне жақын және түсінікті мәселелерді көтерді. Рүстем Әлханов «Қазақстан электролиз зауытында» инженер болып жұмыс істейді. Ол партия бағдарламасының орындалуы – еңбек жағдайын жақсартуға және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізетініне сенімді. – Мен басқа партия құрамындағылар сияқты әдемі және көркем сөйлей алмаймын. Мен қарапайым зауыт қызметкерімін. Менің жұмысым – металды балқыту, бірақ қаламыздың басқа тұрғындары сияқты мені де түрлі мәселелер толғандырады, – деді Рүстем Әлханов. – Мен 35 жастамын, Ақтоғай ауданының тумасымын. 12 жылдан бері зауытта жұмыс істеймін. Алдымен электр қондырғыларының операторы болып жұмысқа орналастым, содан кейін шебер болдым. Біз бұл кәсіпорынды бірге салып, іске қостық. Бүгінде дағдарысқа қарамастан электролиз зауыты жұмыс істеуде. Бұл ірі бизнес, сондықтан мұндай ірі кәсіпорындар үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың маңызы зор. Инвесторлар бизнесті дамытуға ақша салуы үшін олар болашаққа сенімді болуы керек. Қалалық мәслихат депутаттығына Кандидат Нұргүл Айғожина цехтағы әріптестеріне қарағанда жастар проблемаларына көбірек көңіл бөлді. Ол партия бағдарламасында қандай қолдау шаралары қарастырылғанын айтты.Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Нұргүл Айғожина қоғамдық жұмыстармен айналысады, ол – жас кәсіпкер және ана. Депутаттық қызмет барысында бизнес пен жастардың мүдделерін қорғауға, білім беру жүйесінің проблемалары мен тұрғын үй мәселелерін шешуге уәде береді. Күннің екінші жартысында Nur Otan партиясынан кандидаттар онлайн-режимде «KSP Steel» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында зауыт жұмысшылары партия мүшелерінен болашақ әлеуметтік нысандардың тағдырын сұрады. – 2021 жылы жаңа «Достық» шағын ауданында балабақша салынады. Саяжай шағын ауданының аумағында №21 мектепке қосымша құрылыс басталады, – деп хабардар етті қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Михаил Желнов. Салынып жатқан шағын аудан туралы сұрақтарға жауап бере отырып Михаил Анатольевич қатысушыларға қатаң, қажетті, шектеу шараларынан зардап шеккен жұмыс орындарын сақтау және бизнесті қолдау туралы да айтты. Шағын және орта бизнестің тағдырына алаңдаған Михаил Желновқа қарағанда «Nur Otan» партиясының кандидаты Болат Жұмаділов қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтерді. Болат Зұлхарнайұлы биология ғылымдарының кандидаты, сондықтан экология тақырыбы оған жақын. Ол экологиялық мәдениетті насихаттауды жақтайды. Nur Otan партиясының кандидаттары халықпен ашық диалогқа дайын. Елбасы партия Төрағасы ретінде нақты тұжырым жасады: партия кандидаттары 20/80 формуласын ұстануы керек, мұнда 80 пайызы сұрақтарға жауап беріледі. Сайлаудың өзі 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды қоса атқару қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейді, есесіне бюджет қаражатын үнемдеуге және әлеуметтік байланыстар санын қысқартуға мүмкіндік береді. – Біз түрлі сын мен қауіпке қарсы тұра алатынымызға сенімді жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуіміз керек, – деді аумақтық сайлау бағдарламаның жетекшісі Айгүл Маликова. – 10 қаңтарда біз болашағымызды таңдаймыз. Сондықтан Павлодар тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, партиямыз бен кандидаттарымыз үшін дауыс беруге шақырамыз.– Он жылдан астам жастар саясатында жұмыс істеймін, бұл саланы жан-жақты және өте жақсы білемін. Мен үшін жастардың өзін-өзі танып, дамып, өсулері өте маңызды. Партия бағдарламасы 2025 жылға дейін колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны ұлғайтылатынына, стипендиялар мөлшері өсетіндігіне, жоғары білім алуға бөлінетін гранттар саны екі есе артуына, жас ғалымдарға мыңға жуық грант бөлінетініне негізделіп отыр, – деп атап өтті Нұргүл Айғожина.
Павлодар облысы Павлодар қаласының Сайлау қорының қаражатынан Nur Otan партиясынан төленді.