Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан маңызды оқиғалар туралы видео жарияланды
Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан маңызды оқиғалар туралы видео жарияланды
176
оқылды

Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан маңызды оқиғалар туралы видео жариялады.

Елбасы қатысқан ресми шаралар топтастырылған видеода Қазақстан мен шетелде өткен жиындар, тарихи сәттер қамтылған.

Бүгін қазақстандықтар Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп жатыр. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде, Қазақстан халқы егемен ел ретінде Тұңғыш Президентін сайлаған болатын.