Танымал өзбекстандық әнші 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Танымал өзбекстандық әнші 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды
119
оқылды

Өзбекстанда кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен танымал әнші Жасур Умиров қамауға алынды,-  деп хабарлайды CentralAsia.media

Самарқанд облысының прокуратурасы өзбекстандық әншінің қамауға алынғанын хабарлады. Басылымның мәліметіне қарағанда, әнші лицейдің 16 жастағы оқушысын биыл маусым айында зорлаған. Жасур Умиров қызбен интернет арқылы танысып, кейін оны құрбысымен бірге үйіне шақырған. Екі қызға ішімдік ішкізіп, содан соң зорлаған. Бастапқыда Каттакурган ауданы ішкі істер бөлімі әнші мен өзгелердің әрекетінде "қылмыс белгілері болмағандықтан" қыздың зорланғаны туралы арызын қабылдамаған. 2020 жылдың 9 қазанында қосымша тергеуден кейін Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 118 бабы 1 бөлімі бойынша (жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау) қылмыстық іс қозғалды. Әнші Жасур Умиров өзіне тағылған айыпты мойындамай, қызды сол сәтте үйде болған достары зорлағанын айтқан.