Қазақстандықтар желтоқсан айында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнінде демалады.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні жексенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, демалыс күні 2 желтоқсан дүйсенбіге ауысады. Ал Тәуелсіздік күнін қазақстандықтар екі күн — 16 және 17 желтоқсан күндері атап өтеді. Осылайша, желтоқсанда қазақстандықтар 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады.
Ал 2020 жылы Жаңа жылдық демалыс күндері басталады. Қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында демалып, 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Ал 7 қаңтар — демалыс күні.