Маңдайдағы жазуға сенесіз бе, әлде санға ма?
Маңдайдағы жазуға сенесіз бе, әлде санға ма?
263
оқылды

Қазір әлеуметтік желілерде адамның туған күні мен жасына, яғни санға байланысты  болжам жасап, қай күннің берекелі болатынын, не болашағын болжап беретіндер көбейді. Олар өзін нумеролог деп таныстырады және бұл қызметі үшін ақы алады. Бүгінгі нумерологтардың  адамға көмегі бар ма әлде бұл ақша табудың бір жолы ма?  

Нумерология – жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінезін, мақсатқа ұмтылысын, күш-жігері сынды қабілетін анықтауға  арналған ғылым. Бұл ғылым адамның өзі білмейтін құпияны ашуы мүмкін. Оны анықтау үшін нумерологқа туған күніңізді айтсаңыз болғаны. Бүгінде нумерологияны дәстүрлі психологияға балап жүрген нумерологтар көбейді. Сана мен түпсана құпиясын  ашатын  нумерологтардың дәурені жүріп тұр.  Олардың табысы аз емес. Орташа бағасы 10 мың мен 50 мың теңгенің арасында құбылады.

Мысалы, 10 мың теңгеге алдағы екі жылда, ал 20 мың теңгеге бес жылда сізді не күтіп тұрғанын «анықтап береді». Ал сізге қарай ағылатын «ақша ағынын» ашу үшін алатын ақысы 10 мың теңгеден басталады. Бұл – ең арзаны. Мереке қарсаңында жеңілдік жасайтыны болмаса, арзан нумеролог табу қиын. Жас нумерологтың бағасы 5 мыңнан төмен емес.

Нумерологтар тұрмысқа қанша жаста шығатыныңызды, болашақ жұбыңыздың сізбен сәйкестігін де анықтап береді. Бала көтеру үшін де нумерологтар көмегіне жүгінетіндер жетерлік. санСоңғы кезде нумерологтар қызметін онлайн форматта өткізіп жүр. Жүзбе-жүз кездесу үшін 3-4 ай бұрын жазылу керек екен. Ондайда көпшілік ақша, махаббат, отбасының берекесі үшін деп 100-150 мың теңге тұратын «толыққанды топтаманы» сатып алады. Ең қызығы,  нумерологтардың қызметін тұтынғандар да нумерологиямен айналысып жүр.   Соның бірі – Жанерке Мақсұтқанқызы.

– Нумерология – сараптамалық ғылым. Өйткені бұл ғылымда нумерология, матрица, астрология түйіседі. Санды есептей отырып, жұмыс  пен  жеке өмірге  қатысты жайттарды дөп көрсетеді. Мәселен, маған 28 жасқа толарда сәбилі әрі баспаналы болатынымды айтқан еді. Болжам тура келді, –  дейді ол. 

[caption id="attachment_97028" align="alignnone" width="766"]сан ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оның айтуынша, көп адам нумерологқа келіп, өмірінің бірден өзгеріп кеткенін қалайды. Санға сеніп, әрекет етпей жата берсе нәтиже болмайды. Өмірдегі сәттіліктің 75 пайызы тағдырға,  25 пайызы сәттілік пен әрекет етуге байланысты екен. Бірақ нумеролог Бауыржан Жанабаев көп адамның ақыл-кеңес ала тұра соған құлақ аспайтынына қынжылады. Соның кесірінен кейбірі өкініп, бармақ шайнап жатады.

"Жақында ғана бір клиентім хабарласып, құрбысының ірі көлемде ақша салып ойнайтын жерге шақырғанын айтып, күмәнді дүниеге қаражат салу-салмауын сұраған  еді.  Сол кезде оған "ол жерге бармай-ақ қойыңыз, ақшаңызды қайтара алмай қаласыз" дегенмін. Содан ол осы әңгімені құрбысына айтып, бармай қалған. Ал оған бой бермеген құрбысы біраз ақшасынан айырылды", - деді нумеролог.

[caption id="attachment_97100" align="alignnone" width="1024"]сан ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сондықтан ол нумерология ғылым ретінде ресми мойындалмаса да, нақты ғылымның бірі деп есептейді. – Қандай бақсы-балгерге, құмалақшыға барсаңыз да нақты ешқандай шешім көрсете алмайды. Оның да қателесуі ықтимал. Өйткені ол алдына түскен карта мен құмалаққа сүйеніп, болжам жасайды. Картаның өзі дұрыс түспеуі мүмкін ғой. Ал нумерологияда болжам жүрмейді. Бұл жерде ақпарат нақты есеп-қисапқа негізделеді.  Мәселен, менің көмегіме жүгініп, артынан басқа білікті нумерологқа барсаңыз, ол  да дәл мен айтқан дүниені тізіп береді. Өйткені біздікі есеппен шығарылатын дүние. Оның ешқандай көріпкелдікке, түс жорушылыққа қатысы жоқ. Бірақ солардың ішінде нумерология – ақпаратты боямасыз беретін ғылым, –  деді нумеролог Бауыржан. сан Медицина саласында оқып, үздік диплом алған  Ұлжан Серікқызы 5 жылдай тіс дәрігері болып еңбек етті. Декреттік демалысында нумерологияға қызыға бастаған.

– Осы күнде шығыс пен заманауи нумерологияны ғана емес, эзотериялық, тибеттік, статистикалық психоанализді меңгердім. Егер адам баласына көмегі тимесе, пайдаға жарамаса бұл іспен айналыспас едім. Сондықтан нумерология бос әурешілік дегенге сенбеймін, – дейді ол.

Ал психологтар нумерология саласын жоққа шығаруға болмайды,  себебі нумерологияның  психологиямен байланысы бар деп санайды. – Нумерологияның ғылымда өзіндік орны бар. Барлығы адамның қабылдауына байланысты. Жалпы, нумерология  да математика, физика секілді ғылымның бір саласы. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, біз жақсы жағын ала білуіміз керек. «Маған осылай шықты» деп көзсіз сеніп, үйін сатып, басқа қалаға көшудің қажеті жоқ. Бірақ әрбір адамның туған күні мен жылының өзіндік энергетикасы бар. Мәселе бұл жерде санның энергетикасында. Өйткені әрбір санның артында энергия бар. Оған қоса, қазір біз жаңа заманға өттік. Ол көзге көрінбейтін, энергетика дүниесі. Байқап қарасаңыз, адамзат өмірінде энергетикалық соғыс  жүріп жатыр. Біз соның дәл ортасындамыз, – дейді психолог Назгүл Құдайберген. [caption id="attachment_97026" align="alignnone" width="1024"]сан ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Дін саласының өкілдері  әріп пен санда белгілі бір мәліметтер жасырынған деген сенімнің ғылыми негізі жоқ деп  есептейді.

"Тылсым күштерге қызығу – адам баласына тән дүние. Көбіне бұл арқылы тағдырдағы жазмышты біліп, болашақты үйрену немесе мінез-құлық ерекшелігін анықтау көзделеді. Соның бірі – қазір қоғамда кең таралып жатқан нумерология ілімі. Нумерология – табиғат болмысына, адамдарға сандардың жағымды немесе жағымсыз ықпал ете алатыны жайындағы мистикалық наным", – дейді Қазақстан Діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл.

[caption id="attachment_97101" align="alignnone" width="1024"]сан ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Оның айтуынша, исламдық діни сенім бойынша әлемдегі барлық құбылыс пен өзгеріс Алла Тағаланың қалауымен ғана жүзеге асады.  Тағдырды, болашақты Алладан басқа ешкім білмейді. – Бұл жайында «Ағраф» сүресінің 188-аятында айтылған. Оның үстіне, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім балгерге, сиқыршыға, не сәуегейге барып бір нәрсе сұрап, оның айтқандарын растаса, онда ол Мұхаммедке түскен нәрсеге күпірлік еткен болады» деген.

Нумерология және соған ұқсас басқа да тылсым күшпен айналысуға, соларға жүгінуге шариғатымыз қатаң түрде тыйым салған. Себебі, оның дүние тіршілігіміз үшін де, ақыреттегі жағдайымыз үшін де ешбір пайдасы жоқ. Оған уақыт бөлу – бос әурешілік. Сонымен қатар санның болжамына сеніп, Алланың құдіретіне, тағдырына шек келтіру үлкен күнә саналады, – дейді ол.

Ал сіз не дейсіз? Маңдайдағы жазуға сенесіз бе, әлде сыр жасырған санға сенесіз бе?