Алматы облысының полицейлері тасжолда жалғыз қалған баланың анасын тапты, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары Өзбекстаннан келген және шаруа қожалықтарының бірінде уақытша тұратын 44 жастағы анасының қайда екенін анықтады. Тексеріс материалдарына сәйкес, әйел адам баласымен бірге көршілес шаруа қожалығына келіп, бес жасар баласын көліктің ішінде қалдырып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін қар түскен тасжолда жалғыз қалған бала табылғаны хабарланған болатын.