Әлемдік пандемия елдегі тұрақты экономикаға, дәстүрлі өмір сүру форматына тікелей әсер етті. Осыған орай үкімет дағдарысқа қарсы іc-шараларды әзірледі.
Nur Otan партиясының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Biz birgemiz акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 525 отбасына азық-түлік қоржынын жеткізіп, 469 адам 50000 мың теңгеден материалдық көмек алды. Дамудың 7 басымдығын алға тарта отырып, кәсіпкерлерді қолдау бөлімінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 49 кәсіпкерге қолдау көрсетті. Ерейментау аграрлық және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы өңір. Ауданымызда бірқатар наубайхана кәсіпорны бар. Наубайханада нәпәқасын тауып жүрген жандар өте көп. Дәл осы наубайхана жұмысшыларымен партия мүшесі Калиев Талғат Асылханұлы жүздесіп, алдағы орындалатын жұмыстың ретімен таныстырып өтті. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту екенін айтты.«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.