Алматыдағы облыстық № 1 балалар үйінде және облыстық №15 мектеп-интернатта Qaganat қоғамдық тамақтану желісі мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры аспаздық шеберліктің екі айлық курсы өткізді. Осы уақыт ішінде Qaganat бренд-шефі бұл оқу орындарының 20 жоғары сынып оқушыларын тез және дәмді ас дайындауға үйретті.
– «АЯЛА» қоры, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың оқушыларын аспаз кәсібіне оқыту жобасын бастағанын қуанышпен қарсы алдым. «АЯЛА» қоры – біздің байырғы серіктесіміз. Егер біздің бағдарламаның түлектері кәсіпқой маман атанса және қоғамдық тамақтануда еңбек ететін болса, мен бақытты болар едім, – дейді «Qagаnat» желісінің бас директоры Чинара Чаймардановна Бугимбаева.
Бренд-шеф Марат Галеев 9-11 сынып оқушылары үшін 8 мастер-класс өткізді. Сабақтар балалар үшін 2,5-нан 3 сағатқа дейін аспаздық-мастер класс түрінде қызықты және түсінікті өтті. Әрине, жасөспірімдер ұстаздың жетекшілігімен өздері жақсы көретін тағамды дайындауды үйренді.
2 ай ішінде балалар салаттың төрт түрін, пиццаның 3 түрін пісіруді және хычиндер жасауды үйренді. Олар тауық етімен және етпен бәліш пісірді, өз қолдарымен «Болоньез» пастасын және тауық етімен фетуччини, тауық етінен дәмді стейктер, ірімшік қосылған котлеттер, көкөніс-гриль, тауық рулетін жасады. Тіпті үйде жасалатын «Құс сүтін» дайындауды үйренді.
Ақырғы мастер-класта №15 мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары журналистермен, «АЯЛА» қорының қызметкерлерімен және Марат Галеевпен бірге фуршет тағамдарын дайындады. Тәтті еңбектің нәтижесін барлығы бірге дәмін татып көрді. Әдеттегідей бренд-шеф дәмді әрі пайдалы тамақтың дұрыс және тез жасалуын ғана көрсетіп қоймай, фуршеттік столды дайындаудың айла-әрекетімен де бөлісті. Мастер-класс аяқталғаннан кейін балалар аспаздық курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.
Осы оқудың арқасында облыстық балалар үйі мен мектеп-интернаттың бірнеше жасөспірімі болашақта кәсіби аспаз болуды және осы бағытта білім алуды жалғастыруды шешті.
– «АЯЛА» қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасын 6 жыл бойы іске асырып келеді. Біз балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына болашақта нақты қандай кәсіп иесі болғысы келетінін түсінуге көмектесеміз. Сондықтан олар үшін біз ұйымдастыратын курстар мен сабақтар практикалық дағды арқылы болашақ жұмысы туралы түсінік алуына бағытталған. Qaganat желісінің иесі Чинара Бугимбаеваға біздің жобаға көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл жасөспірімдер үшін олардың болашақ кәсібінің тамаша бастамасы болады деп үміттенеміз, – деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.