Төрт облыста ескерту жарияланды

Төрт облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші түнде 15-20 м / с құрайды, ал күндіз - 15-20 м / с, ұйытқу екпіні - 23-28 м / с жетеді. Петропавлда бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел - 15-20 м/с, ал күндіз 25 м / с құрайды. Қатты боранның болу ықтималдығы - 90-95%. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтіледі. Қатты боран соғу ықтималдығы 85-90% құрайды. Ақмола облысының кей жерлерінде жел ұйтқи соғып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м / с құрайды. Көкшетауда қарлы боран болады деп күтіледі. Қатты боран соғу ықтималдығы - 90-95%. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман түседі. Қатты боранның болу ықтималдығы - 90-95%.