22 желтоқсанда «Nur Otan» партиясынан Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ғабдолла Дүйсенбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әңгіме барысында өңір тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру, абаттандыру, жастарды қолдау тақырыптарын көтерді.
Әрбір жағдай егжей-тегжейлі қаралды, олардың әрқайсысы бойынша іс-қимылдардың дәйектілігі түсіндірілді, толық ұсынымдар берілді. Қабылдау процедурасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді – кіреберістегі термометрия, қолды дезинфекциялық өңдеу, маскаларды міндетті түрде кию. Ғабдолла Дүйсенбаев өткізілген кездесулер барысында өңір тұрғындарының елдегі ең ауқымды саяси бірлестік болып табылатын партияға сенетініне тағы бір рет көз жеткізді. Мұнда олар өздерінің ең өзекті мәселелерін айтады, оларды шешу әртүрлі себептер бойынша созылып жатыр. Кандидат жеке қабылдауға жазылған барлық қарағандылықтарға көмек көрсетуге тырысатынын айтты. «Олар айтқан мәселелер жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимылда және қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық шешілетін болады», – деді Ғабдолла Дүйсенбаев.«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді