Үміткерлер 96 жастағы ардагерге құрмет көрсетті
Үміткерлер 96 жастағы ардагерге құрмет көрсетті

Nur Otan партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы, облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Шаутай Тілеуберген Құдарбергенұлы, Мақашов Бағдәулет, Есқалиева Гүлнәр, партия жақтасы Ержан Уәйіс және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Маханбет Патима Шаймерденқызы, Мырзабеков Насырбек Аябекұлы, Бәкір Бекжан Талғатұлы, Әлтаев Ғалымжан Халықбекұлы, Мүліков Серік Сәдуақасұлы Қызылорда облысының және ауданның құрметті азаматы, қазыналы қарты, еңбек ардагері 96 жастағы Ізтілеуұлы Серғара ардагердің үйінде болды.

Кездесу барысында ардагерге үміткерлер елге сіңірген еңбегі үшін алғыстарын білдірді. Кездесудің мақсаты бойынша үміткерлер сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары бойынша кеңінен түсіндірді. Партияның басты мақсаттары халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау екенін жеткізді. Сонымен қатар еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялармен алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық екенін мәлімдеді. Кездесу соңында үміткерлер Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады деді. Өз кезегінде ардагер үміткерлерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.