Кандидат үш ауысымдық мектептерді жоюға жұмыс істейтінін жеткізді
Кандидат үш ауысымдық мектептерді жоюға жұмыс істейтінін жеткізді

Nur Otan партиясының көздеген мақсаты не? Елге партия қандай қарымды серпіліс ұсынбақ? Партияның атқарар шаруалары халықтың оң жамбасына тие ме? Осы сауалдар қазір көпшіліктің көкейінде. Ал, жауапты кім береді? Әрине, партия ұсынған үміткерлері.

2020 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Михаил Федяшин канвассингтік іс-шара өткізді, яғни «BK-STROY» ЖШС кеңсесінде, құрылыс алаңында және сайлаушылар пәтерлерінде бірқатар мақсатты үгіт кездесулерін өткізді. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына белсенді түрде ас салысуын жалғастырады. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек сапалы білім – болашаққа салынған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр, – деді үміткер. Бейресми кездесу барысында сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға 2020 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлау туралы ақпарат берілді, сондай-ақ Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын қысқаша айтып өтті. Сайлаушыларды әлеуметтік қамсыздандыру, қаланы жабдықттандыру, тұрғын үй құрылысы мәселелері қызықтырды. Кейбір сұрақтарға жауап берілді, қалғандарын шешу үшін сайлаушылар жазбаша ұсыныстар мен жаңа ақпарат алуға мүмкіндік өтінімдер жасалды. «Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді