ФИФА президенті: Африкада стадиондар салып, футболды дамыту керек
ФИФА президенті: Африкада стадиондар салып, футболды дамыту керек

Prosports.kz-ке сілтеме жасаған 24.kz-тің жазуынша, ФИФА президенті Джанни Инфантино Африка құрлығының әр еліне халықаралық талаптарға сай кем дегенде 1 стадион салу үшін 1 миллиард АҚШ доллар қаржы жинамақ.

ФИФА президенті Конгодағы «ТП Мазембе» клубының 80 жылдығына барғанда айтқан. Ол бұл мәселенің күрделі екенін, сол себепті, футболдың дамытуға әлемге белгілі компаниялар атсалысса деген ойын жеткізді.

Сонымен қатар Африка құрлығының футбол клубтарын жақсарту мәселесін айтты.