Алматы: Автобус апатынан 5 адам зардап шекті
Алматы: Автобус апатынан 5 адам зардап шекті
5,125
оқылды

«Территория происшествий» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты.

Оқиғаға Жансүгіров көшелерінің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей қалғаны себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota автокөлігін тізгіндеген әйел адам Жансүгіров көшесінен солтүстік бағытта келе жатып «Жол беру» белгісін байқамай қиылысқа өтіп кеткен.  Осы кезде шығыс бағытта Lexus автокөлігі келе жатқан. Жүргізуші көлігін тежеп үлгермей, алдымен Toyota көлігіне, артынша жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 5 адам зардап шеккен.