Шымкентте кілем тегін таратылып, қарақұрым жұрт бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz. Otyrar.kz-нің хабарлауынша, Шымкенттегі дүкендердің бірі жақында кілем тегін таратып, акциясы өткізетінін жариялаған. Барлығы 500 кілемді тегін тарату жоспарланған екен. Мұны ести сала, жұрт таң атпай жиналып алған . Бірақ барлығына тегін кілем жетпеген. - Біз сонша адам болатынын білмедік. Мұндай болады деп күткен жоқпыз. Иә, кілем таратамыз деп жоспарладық, бірақ ол санитарлық нормаларды бұзуға әкеліп соғады деп ойламадық, – дейді дүкен өкілі. Оларға акцияны жедел аяқтауына тура келді. Дүкенге полиция қызметкерлері келіп. Адам көп болғандықтан, кілем дүкені ғана емес, жақын дүкендер де жабылды.