Головкин Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша ақша тапты?
Головкин Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша ақша тапты?
148
оқылды
Boxingscene.com ақпаратына сәйкес, жекпе-жек үшін Головкин жеті миллион доллар гонорар алады. Жерлесіміз үшін Шереметамен кездесу DAZN стримингтік сервис келісімшарты бойынша алты жекпе-жектің үшіншісі болуы тиіс еді. Бұл кездесу үшін бастапқыда 15 миллион доллар төленуі керек еді. Белгілі журналист Майк Коппинджердің пікірінше, платформа басшылығы Шереметамен жекпе-жек үшін бұл тым қымбат деп шешкен. Нәтижесінде тараптар Головкин табысын екі есеге қысқартты. Олар Шереметамен кездесу келісімшарттағы алты жекпе-жектен тыс өтеді деген шешім қабылдады. Осылайша, Головкиннің DAZN-мен әлі төрт келісімшарты сақталып отыр. DAZN бұл кездесуге айтарлықтай қызығушылық танытпаған. Алайда GGG оның өтуін қалады. Өйткені ол поляк спортшысымен жекпе-жек өткізуге келіскен. Еске сала кетсек, 19 желтоқсан күні таңертең Геннадий Головкин жеті раундтан соң Камил Шереметаны тізе бүктірді. GGG IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғады.