Партия қатары білікті жастармен толықты
Партия қатары білікті жастармен толықты
217
оқылды
Еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Nur Otan партиясының Қызылжар аудандық филиалы жаңа мүшелермен толықты. Сайлауалды штабтың төрайымы Мара Жұмабаева партия қатарына жаңадан кірген нұротандықтарға ҚР Тұңғыш Президентінің партиясы жұмысының басым бағыттары туралы айтып, Прибрежный ауылдық округінің бас маманы Анар Волковаға, №2 Бескөл орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті, физика пәндерінің мұғалімдері Меңсұлу Сауытова мен Азамат Қайдановқа, логопед Айнаш Байболоваға партия билеттерін табыс етті. Мара Мәскенқызы жастарды жігерлендіріп, жұмыстарына табыс тілеп, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды және жастар кейіннен түрлі партиялық жобаларда міндетті түрде өздерін көрсететініне сенім білдірді. «Жақында өткен праймериз арқылы белсенді азаматтарды көріп-білдік. Олар біздің ауданымызды, облысты, елді табысқа жетелеу үшін аянбай еңбек етуге дайын екендігін көрсетті. Басқа адамдардың тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайтынын көрсетті», – деді Мара Жұмабаева.  жастар – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында партия мүшесі болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл маған мемлекетіміздің дана саясатының бағдарламалары мен идеяларын жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді, – деді партияның жаңа мүшесі Анар Волкова. Аудан жастары – елдің болашағымыз. Олар үшін бүгінгі буын әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақты жүргізе отырып жаңа жұмыс орындарын құруды, денсаулық және қауіпсіздікті сақтай отырып дамыған қоғамды қалыптастыруыды мақсат тұту керек. Мұндай тұрақты дамуды Nur Otan партиясы өз бағдарламасында айқын көрсетті.

 Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді