10 желтоқсан күні басталған сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңіне Nur Otan партиясы Исатай аудандық сайлауалды штабы тыңғылықты дайындықпен кірді. Партия өкілдері барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелердің шешілгенін айтты.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясында 22 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде 19 адам праймериз арқылы тіркелсе, 3 адам партия филиалының квотасы бойынша тізімге енді. Исатай аудандық аумақтық сайлауалды штаб құрамына 36 адам кірді. Олар аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие азаматтар: мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 22 кандидат бар. Штабтың 7 мүшесі алдыңғы сайлау науқандарына қатысқа, тәжірибесімол азаматтар. Алдағы 1 ай көлемінде штаб өкілдері 143 іс-шара өткізуді, сол арқылы 15 мың адамды қамту жоспарланған. Оның 66 жиыны тікелей өтсе, 77 жиын онлайн форматта өтеді. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталатын болады. Сонымен қатар «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері де ауданның белсенді жастарымен бірігіп, бірнеше іс-шара өткізуге дайын.Атырау облысының «Nur Otan» партиясының Исатай аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді