Жас отбасыларды қолдау керек
Жас отбасыларды қолдау керек
Орал қаласында ҚХП атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Сүйінғали Жарлығасымов Жастардың шығармашылық мәдениет орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Онда Қазақстан жастарын қолдау, олардың қоғамдағы рөлі секілді өзекті тақырыптар талқыланды.
Кездесу спикері Сүйінғали Жарлығасымов жиналғандармен бірге жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Білім берудің қолжетімділігі және қазақстандықтардың бастамаларын қолдау жайы да сөз болды.
– Партия жас отбасыларды қолдау құралдарын арттырмақ. Ол үшін әр өңірде әлеуметтік тұрғын үйге квоталар бекіту және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредиттер беру секілді үлкен қадамдар жасалмақ. Біз қоғамның тұрақты дамуы үшін Қазақстан жастарын қолдауға тиіспіз. Біз жас отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткіземіз. Осы мақсатта мемлекет шаршы метрдің қолайлы құнын және мұқтаждарға қолдау көрсету құралдарын кредиттеудің нөлдік мөлшерлемесін белгілейтін болады, – деді Сүйінғали Жарлығасымов.  width=ҚХП мүшесі Қазақстанда жайлы және қауіпсіз жағдайларда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық деңгейде бекіту қажет деп санайды. Қазақстан Халық партиясы еліміздің мәдени, білім беру және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған жастар мен жастар бастамаларын қолдаудың жаппай жүйесін құруды қолдайды. Барлық азаматтар тегін білім, сапалы медициналық қызмет алуда, қолжетімді баспана сатып алуда және өздерінің шығармашылық, зияткерлік, еңбек және патриоттық әлеуетін жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерге ие болуға тиіс.
– Мұның бәрін іске асыру әрбір жас қазақстандыққа өз отбасын құруға және балаларын толыққанды отбасыларда лайықты жағдайда өсіруге мүмкіндік береді, – деді Сүйінғали Жарлығасымов.