Жолаушылар ұшағына әуежайда оқ атқан
Жолаушылар ұшағына әуежайда оқ атқан
92
оқылды

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сameroon Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағына Баманда әуежайына қону кезінде оқ атылған.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар зардап шекпеген.

24.kz-тің жазуынша, Cameroon Airlines шығынды есептеп жатыр. Оқыс оқиға жексенбіде таңертең сепаратистік содырлар ел үкіметінің әскерімен соғысып жатқан жерде болған.  Сепаристердің бірі Чо Аяба әуе кемесіне оқ атылғанын растап, коммерциялық ұшақтар сарбаздар мен қару-жарақты тасымалдау үшін пайдаланылатынын айтып, ұшу кестесін алдын ала беруді талап еткен.