Садриддин Ахмедов 30 қаңтарда кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегіне шығады. Мексикада өтетін бокс кеші жанкүйерлерге жаңажылдық тарту болмақ.
Көпшілік танымал боксшылардың кездесуін асыға күтті. WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иесі 30 қаңтар күні жұдырықтасады. Садриддин Ахмедовтің қарсыласы – нидерланд боксшысы Стивен Даньо. Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін кездесуде жеңіске жеткені WBC Continental белбеуіне ие болады. Садриддин Ахмедов осыған дейін 11 кездесу өткізіп,барлығында жеңіске жетті. Стивен Даньо болса, 17 кездесу өткізгенімен, үшеуінде тең түсіп, үшеуінде жеңілген. Пандемия салдарынан екі боксшының кездесуі бірнеше рет кейінге қалдырылған. Қазақ боксшысы жекпе-жектің шегерілуіне жаттықтырушысы мен промоутерінің кінәсі жоқ екенін мәлімдеген-ді.А.ЖОЛДАС